КВН аңызы Александр Масляковтың әйелі қайтыс болды

КВН аңызы Александр Масляковтың әйелі қайтыс болды
t.me/kvnofficial

КВН бағдарламасының тұрақты жүргізушісі болған Александр Масляковтың әйелі Светлана Маслякова 78 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

КВН-ның ресми Telegram арнасында бағдарламаның режиссері және Александр Масляковтың жары Светлана Маслякованың қайтыс болғаны хабарланды.

"Бүгін КВН-ның үлкен отбасы орны толмас қазаға ұшырады. Светлана Анатольевна Маслякова өмірден өтті. КВН-ның символына айналған әйел дүниеден озды. Ол қалыптасқан стереотиптерді бұзып, бірнеше буын өкілдеріне жол ашты. Александр Васильевичтің сенімді серігі болды және КВН-ға енді келген жастарға әрдайым үлгі көрсетті. Біз оны мәңгі есте сақтаймыз", – делінген хабарламада.

Светлана Маслякова 78 жаста болған.

Еске сала кетейік, КВН бағдарламасының тұрақты жүргізушісі болған Александр Масляков 2024 жылғы 8 қыркүйекте көз жұмды. Ол бағдарламаны 1964 жылдан бастап жүргізген.