"Хуторлық" Хасанға жаңа айып тағылуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 16:03

Хасан Қасымбаев сот залында айыпталушылар орнындағы пластик терезені сындырған болатын. Осы әрекеті үшін оған жаңа айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мән-жайы

Қасымбаев пен өзге сотталушылар залда журналистердің қатысуына наразылық білдірген. Осыдан кейін сот қызметкерлері тілшілер мен операторларды дереу сыртқа шығарған болатын.

Полиция пікірі

Алматы облысы Полиция департаменті бұл жағдай аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деді ІІМ өкілдері.

Десе де полиция Талғар аудандық соты тарапынан бұл оқиғаға байланысты ешқандай шағым түспегенін хабарлады.

Еске салайық, 11 қарашада Хасан Қасымбаевтың өзі мен сыбайластары сотталды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар