Хасан Қасымбаевқа қатысты сотта тосын жағдай болған

Сағыныш Сардарова 11 қар. 2025 11:48

Хасан Қасымбаев сот залында айыпталушылар орнындағы пластик терезені сындырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қасымбаев пен өзге сотталушылар залда журналистердің қатысуына наразылық білдірген. Осыдан кейін сот қызметкерлері тілшілер мен операторларды дереу сыртқа шығарған.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі бұл шешім журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бүгін Хасан Қасымбаевтың өзі мен сыбайластары сотталды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар