Хасан Қасымбаевқа қатысты іс: апелляция алқасы не шешті?

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2026 15:51

Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша бірінші инстанция шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

12 ақпанда қабылданған шешімге сәйкес Хасан Қасымбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде тағайындалған 12 жылдық жазасын өтеуді жалғастырады.

Іс бойынша сотталған өзге адамдарға шығарылған үкім де өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, биыл 13 қаңтарда Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті.

Еске салайық, 2025 жылы 11 қарашада Хасан Қасымбаевтың өзі мен сыбайластары сотталды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove