World Boxing халықаралық бокс федерациясы 2025 жылғы «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz
Аталған тізімге Қазақстан спортшылары да енді.
Ерлер арасындағы үздіктер қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан бар. Айта кетейік, Махмұд Сабырхан биыл әлем чемпионы атанып, сондай-ақ Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жеткен спортшы.
Сол әлем чемпионатында топ жарған Наталья Богданова да әйелдер арасындағы үздік боксшылар тізімінен көрінді.
Жылдың нағыз үздігін анықтау мақсатында 26 желтоқсанға дейін онлайн дауыс беру ұйымдастырылады. Дауыс беру Instagram әлеуметтік желісі арқылы жүзеге асады. Қолдау білдіру үшін ұнаған боксшының жазбасына лайк басу жеткілікті.
