Ақтөбелік тұрғын кабель қазамын деп бірнеше шағынауданды сусыз қалдырды

Көркем Алдабергенова 22 жел. 2025 14:14

Ақтөбеде 45 жастағы тұрғыны кабель қазамын деп қаланың бірнеше шағынауданы бірнеше сағат бойы сусыз қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жер қазу жұмыстары үшін экскаватор жалдап, Авиақалашық аумағындағы су мұнарасын электрмен қамтамасыз ететін желіні абайсызда зақымдаған.

Оқиға салдарынан Авиақалашық, ГМЗ, Думан, Көкжиде, сондай-ақ 11 және 12-шағынаудандарда су беру дерлік жарты тәулікке тоқтатылды. Коммуналдық қызметтер апаттың салдарын жедел түрде жойды.

Қазіргі уақытта келтірілген залал көлемі анықталуда. Мүлікті абайсызда бүлдіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар