Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов 46 жасында өз-өзіне қол жұмсаған. Оның мәйіті 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйінен табылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов бұл ақпаратты растады.
«Мәйіті үйінен табылды. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Артында балалары қалды», — деді ол.
Бейресми дереккөздердің мәліметінше, сол күні Еркін Далмағамбетов достарымен кездескен. Аудандық әкімдік қайғылы оқиғаны растады. Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
