Астана қаласының соты жеке стоматологиялық клиникада ем алу кезінде көз жұмған үш жасар Зеренің өліміне қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот дәрігер-анестезиологты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша (кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Сонымен қатар, дәрігер Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылыққа ілініп, негізгі жазадан босатылды.
