Астанадағы барлық автотұрақтар қала меншігіне өтті — Жеңіс Қасымбек

Көркем Алдабергенова 22 жел. 2025 16:25

Осы аптадан бастап Астанадағы барлық автотұрақ кеңістігі қаланың коммуналдық қызметтерінің қарамағына өтті. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімнің айтуынша, өткен аптада автотұрақ учаскелері мен кеңістіктерін қала меншігіне өтеусіз беру туралы келісімге қол қойылған.

"Осы аптадан бастап қаланың барлық автотұрақ кеңістігі тек коммуналдық қызметтерге тиесілі. Яғни, енді бұл салада жеке меншік жоқ", - деді Қасымбек дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Қала басшысы елорданың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарламада автотұрақ саясаты қарастырылғанын атап өтті.

"Қалалық қызметтер минутына төлем енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Әлемдік тәжірибеге сүйенеміз. Орны мен жолдың жүктемесіне қарай 15 минуттан бір сағатқа дейінгі уақытша аралық болады. Бірқатар нысандарды түбегейлі қайта қараймыз: әлеуметтік мекемелердің маңында ақылы автотұрақтар болмайды. Көптеген орындар мүлде тегін болады. Ал кептеліс жиі болатын аймақтарда көлікті ұзақ уақыт қалдырмауға ынталандырамыз", - деп түсіндірді қала әкімі жаңа тарифтік саясаттың қағидаттарын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар