Вячеслав Кимнің федерациядағы қызметінен кетуіне не түрткі болды?

Көркем Алдабергенова 20 там. 2024 10:13 2348

16 тамызда қазақстандық Таэквонда (WT) федерациясының презденті Вячеслав Ким басшы қызметінен кететінін мәлімдеді. Сарапшылар ол шын мәнінде не үшін кеткеніне болжам жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Федерацияның ресми мәлімдемесіне сүйенсек,бұл шешім Вячеслав Константиновичтің ҚТФ президенті лауазымында жасалған жұмысы мен қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ сараптау мен бағалаудың нәтижесі болған. 

«2013 жылы таеквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ командасы мен мен спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік.

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Біз Қазақстанның таеквондо тарихындағы бірінші халықаралық турнирді, Astana Grand Prix 2014 және Kazakhstan Open G-1 турнирін өткізе алдық, бұл тек бастамасы ғана. Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар және бұл жол жалғасын табады деп ойлаймын. Бүгін бұл эстафетаны тапсыру барысында мен осы жолда болған барлық адамдарға: әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған барлық адамдарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл керемет жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін.

Сенімдеріңізге рахмет! Қазақстан таеквондосын алда талай жаңа жетістіктер күтіп тұрғанын сеніммен айта аламын. Біздің ортақ жұмысымыз осы спортпен айналысатындардың барлығына пайда мен қуаныш әкелсін», - дейді Ким.

Қазақстандық баспа басшысының телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, Ким Олимпиададағы сәтсіз нәтиже үшін қызметінен кеткен болуы мүмкін. 

"Таеквондо федерациясы басшылық қызметте отырған адамдарды жаңартты. Вячеслав Ким қызметін босатып, оның артынан командасы үш орынбасары мен бас хатшысы кетті. Ресми мәлімет бойынша - өз еркімен кеткен. Алайда көптеген адам Кимнің қызметінен кетуіне - Париждегі Олимпиада ойындарындағы сәтсіз нәтиже себеп болған", - дейді сарапшы.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар