"Все идет по плану...". Қазақстанда Ресей агрессиясын қолдайтын жейделер сатылуда

Dalanews 15 мам. 2023 06:00 741

Алматыда Путиннің басқыншы саясатын қолдайтын жейделер жаппай саудаланып жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы желіде қоғам белсендісі, ұлттық нақыштағы футболкалар жасаумен айналысатын Аңсаған Мұстафа жазды.

"Бұны кім тоқтата алады? Елімнің төрі Алматыда орналасып, неге бөтен елдің саясатын менің елімде жүргізеді, бейбіт елімнің көңілін лайлап, жастарға неге соғыс, ұлт араздық тақырыпта футболка кигізеді?", - дейді ол.

Mayki.kz cайтында Ресей президенті Владимир Путин мен осы елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа арналған бөлім бар. Футболкалар мен кепкілерде бейнеленген суреттер мен өзге де өнімдердің дерлігі Ресей саясатын насихаттайды, Ресейдің әскери құрылымдарын  ұлықтайды.

Бейсболка Русские идут

Ең сорақысы 2014 жылы Қырымға астыртын кіріп, түбектегі стратегиялық нысандарды басып алған "Сыпайы адамдардың" ("Вежливые люди") суреті бейнеленген футболкалар да еркін айналымда жүр.

Толстовка худи Вежливые люди

Интернет магазиннің Кремль саясатын қолдайтыны көзге ұрып тұр. Мұнда Мәскеудің агрессиясына қарсы күресіп жатқан Украина өнімдері атымен жоқ. Ұлтаралық татулыққа сына қағып отырған сайт құзырлы органдардың назарына ілігуі тиіс деп санаймыз.

Айта кетелік, Петербор қаласында өткен форумда президент Тоқаев Қазақстанның онецкі мен Луганскіні мойындамайтынын мәлімдеген еді.


Тоқаевтың айтуынша, егер ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы шын мәнінде жүзеге асырылатын болса, онда БҰҰ құрамына кіретін 193 мемлекеттің орнына жер бетінде 500 немесе 600 мемлекет пайда болар еді, бұл өз кезегінде үлкен хаосқа әкеліп соғуы мүмкін.

“Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз әрі бұл принцип, біздің ойымызша, квазимемлекеттік территорияларға да қатысты қолданылады, ал Луганск пен Донецк сол санатта болып табылады. Міне, бұл сіздің сұрағыңызға ашық жауап”, – деген еді Тоқаев.

Осылайша Қазақстан президенті сепаратистердің әрекетін қолдамайтынын ашық көрсеткен.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар