Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 27 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 498,25 теңгені құрап, бір тәулікте 3,31 теңгеге айтырлықтай арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы әлі құбылмалы: біресе төмендеп, біресе көтеріледі. Кеше көтерілген баға бүгін аздап төмендеді.
- ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,27%-ға арзандап, 1 баррелі 72,86 долларды құрады.
- NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің құны 0,29%-ға арзандап, 1 баррелі 69,45 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 501,81 теңге болған еді.
Сонымен 26 наурызда ақша айырбас орындарында шетел валюталары төмендегі бағамдар бойынша сатылуда:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 498 теңге, сатып алу – 504 теңге.
- 1 евро: сату – 539 теңге, сатып алу – 546 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,8 теңге, сатып алу - 6 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату - 498,1 теңге, сатып алу – 500,7 теңге.
- 1 евро: сату – 536 теңге, сатып алу – 542 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,77 теңге, сатып алу - 5,93 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 498 теңге, сатып алу – 501 теңге.
- 1 евро: сату – 538 теңге, сатып алу – 543 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,82 теңге, сатып алу - 5,88 теңге.
Бұған дейін сарапшылар осы аптада, яғни 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін 1 АҚШ долларының құны 503-505 теңге аралығын қамтитынын болжаған.