Утильсбордың кесірінен өлім-жітім жиіледі – журналистің жанайқайы

Dalanews 04 мам. 2022 08:06 1093

Белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы желіде утильсборға қатысты пікір білдіріп, ескі көлік мінген ел азаматтары жол апатына жиі ұшырап, мерт болып жатқанын айтып, дабыл қақты.  

Билік уильсбордың жаңа тарифі 1 мамырдан бастап күшіне енеді деген еді. Бірақ әлі күнге дейін халықтың қалтасын утильсбор деген атпен белгілі бұрынғы тонау жалғасып келеді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан – автокөліктің бағасы ең қымбат мемлекет.

Мысалы, Қазақстанда 2022 жылы шыққан және қозғалтқышының көлемі 2,8, ал бағасы 10 000 АҚШ доллары болатын автокөліктің кедендік рәсіміне 8760 АҚШ долларын төлеу керек екен. Екеуін қосқанда, әлгі автокөлік Қазақстан тұрғынына барлығы 18 760 АҚШ долларына түседі.

Ал Грузияда дәл осындай автокөліктің кедендік рәсіміне 784 АҚШ долларын төлейді. Нәтижесінде Грузия азаматы жаңа автокөлікті 10 784 АҚШ долларына сатып ала алады.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында осы «утильсбор» дегеннің мәселесі халықтың жанына батқаны туралы айтып, оны қайта қарау жөнінде тапсырма бергені белгілі.

Осыдан кейін, яғни 23 ақпанда вице-премьер Роман Скляр утильсбордың бағасы 50% төмендейді деген болатын. Онымен қоймай, жаңа баға бойынша алым наурызда басталатынын айтқан еді. Бірақ Склярдың уәдесі кейін мамырға сырғытылды.

Әлі нәтиже жоқ. Осындай немқұрайдылықтың салдарынан ел автопаркі тозып, қала экологиясы нашарлап кетті. Жол – транспорт оқиғалары көбейіп, ол апаттардан адам өлімі жиіледі.


Айналайын депутаттар, Құдай тілеулеріңді берсін, осы мәселені транспорт саласына жауапты  әріптестеріңе айтып, тексертіп, зерттетіп, қарапайым халықтың утильсбор деген тонаудан әбден зәрезап боп қиналып біткенін Президент пен Үкімет басшысына жеткізіңіздерші.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар