Үстірт қорығында бірнеше жануар фототұзақтарға түсіп қалды

Үстірт қорығында бірнеше жануар фототұзақтарға түсіп қалды
Фото: Instagram / ustirt_kz

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері фототұзақтарға түскен жаңа кадрларды жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кадрларда қорық аумағында тіршілік ететін жануарлар мен құстар бейнеленген. Мамандардың айтуынша, фототұзақтар жабайы табиғаттағы аң-құстардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

Фототұзақ объективіне дала түлкісі, кекіліктер мен дала қасқырлары түскен. Сонымен қатар құрылғылар арқарлар мен үстірт арқары — уриалдарды да түсіріп алған.

Қорық өкілдерінің мәліметінше, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында қолданылатын фототұзақтар табиғатты қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған биологиялық қауіпсіз құрал болып саналады.

«Фототұзақтар жануарлар мен құстардың қозғалысы мен мінез-құлқын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың табиғи мекендеу ортасына зиян келтірмей және табиғи процестерге араласпай жүзеге асады», – делінген хабарламада.