Ұшақ апаты: Әзірбайжан ТЖ министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Қаракөз Амантай 06 қаң. 2025 09:24 883

Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрі Камаладдин Гейдаров Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жерде жұмыс істеген қазақстандық құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Ынтымақтастық үшін” төсбелгісімен марапатталғандар:

Азамат Сейталин,

Тимур Аминов,

Қани Айдаров,

Саясат Қараев,

Мәжит Кенжеғалиев,

Әзімбек Күлханов,

Ербол Құзмабаев,

Наурызбек Мендібаев,

Ардақ Нұғұманов,

Айман Тілеубергенова.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.

Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды.

Қайғылы оқиғадан кейін Әзербайжанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Түсте бүкіл ел бойынша мемлекеттік тулар түсіріліп, көліктер тоқтады. Әзербайжандықтар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейінірек Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық органдарымен ақылдасқан соң, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын комиссия Embraer ұшағының қара жәшігін Бразилиядағы CENIPA орталығына жіберу туралы шешім қабылдады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар