"Үш Б" операциясы: арнайы прокурорлар Германиядағы Байбекке қашан барады?

Dalanews 22 қаз. 2023 07:06 1342

"Боранбаев - Бекетаев - Бәйбек" тергеу операциясы өзінің орталық фазасына жетті. Қайрат Боранбаев қалтасындағы соңғы тиынды санап берген күні тергеушілер экс-әділет министрі Марат Бекетаевті құрықтады.

Бекетаев "Стати ісі", "Әбілазовты қудалау" барысында, Мәсімов схемасын пайдаланып, мемлекеттік қаржыны сыртқа жіберіп отырған. Стати ісі бойынша Бекетаевтың 300 миллион доллар шығын әкелгенін біз талай рет жазғанбыз

"Кешеден бастап Марат Бекетаев сөйлей бастады", - дейді осы орайда DALA INSIDE телеграм арнасының дереккөзі. Тергеушілерге "Bolachak Consulting" эпизоды бойынша Бауыржан Бәйбектің үстінен қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік ашылады.


Одан кейін Назарбаевтың кластасының баласын Германияда құрықтап, экстрадициялау бойынша шаралар жасалмақ. Бәйбектің сотталуы "Үш Б" операциясына нүкте қояды.


Стати трагедиясы...

Мәсімов, Боранбаев пен Бекетаев елімізді 1 миллиард долларға "қораға" кіргізген еді. 2013 жылы елімізге келген инвестор Анатол Статидің "Толқын" мен "Боранкөл" мұнай кеніштерін Мәсімов пен Боранбаев рейдерлік жолмен тартып алады.

Ал сол кезде Әділет министрі болып тұрған Бекетаев Статилерді мүлде жоқ қылып жіберу үшін онымен соттасуға қыруар мемлекет қаржысын оңды-соңды шаша бастайды. Бұл банкетке Бауыржан Бәйбек те қосылады.

Алайда кейбір шетел соттары Статиді қолдап, Бекетаев-Бәйбек тандемінің жоспары іске аспай қалған. Швеция соты Стати пайдасына 76 миллион доллар, ал Гибралтар соты 2 миллион доллар кесіп берді. Енді ол ақшаны Қазақстан тез арада Статиге төлеуі тиіс.

Еліміз қазірдің өзінде 500 миллион доллар болатын өтемақы төлеуді кейінге қалдыру үшін сот шығындарына 300 миллион долларын жұмсады.

Бұған қоса, 500 миллион долларға проценттер жүріп жатыр.

Анатоли Стати «Біз Қазақстаннан өтемақыны асықпай, бірақ сенімді түрде өндіртіп жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның 1 миллиард доллардың жартысын төлеп құтылатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ осы қомақты шығындардан жеке пайда көргендер басқаша шешім қабылдады», - деп отыр.

"Үш Б" операциясының сәтті өтуі "Жаңа Қазақстанның" тарихи процесі - "Отбасы" операциясына толық жол ашады.


"Тек қана Сара Алпысқызына еш сұрақтар болмайды. Жалпы, қазақ халқының өзінде Отбасы мүшелерінің ішінен осы Сара Алпысқызына ғана сәл де болса құрмет бар сияқты" дейді бұл ретте DALA INSIDE.

...

Айтқандай, Байқоңырдағы Ресей азаматтары біртіндеп еліне қайтып жатыр. Толығырақ: https://t.me/dalainside/1538

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар