Ұшақ ішінде төбелесіп қалған жолаушылар рейстен шығарылды (ВИДЕО)

Ұшақ ішінде төбелесіп қалған жолаушылар рейстен шығарылды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ұшақ салонында болған жанжалдың видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды dalanews.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, оқиға Нигериядағы Асаба әуежайында United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде болған.

Желіде тараған видеодан екі жолаушының ұшақ салонында сөзге келіп, кейін жанжалдың төбелеске ұласқанын көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары олардың бірі жергілікті танымал инфлюенсер Matins Otse, яғни Very Dark Man деген атпен белгілі блогер, ал екіншісі әзілкеш Freedom Atsepoyi болуы мүмкін екенін жазып жатыр.

Оқиға кезінде экипаж мүшелері дереу әрекет етіп, жанжалдасқан екі жолаушыны да ұшақтан түсірген. Кейін олар әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырылған.

Осы жағдайға қарамастан, рейс ұзақ уақытқа кешікпей, белгіленген бағыты бойынша ұшуын жалғастырған.