Freedom Inside '26

ҰҚК Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын айтып, көрсетті

ҰҚК Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын айтып, көрсетті
видео кадры

ҰҚК Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын айтып, көрсетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

2025 жылдың соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері Жақсылық Омардың қарамағындағы ұйым қызметкерлерінен тұрақты түрде ақша талап еткені туралы жедел ақпарат алған.

Тергеу материалдарына сәйкес, Омар бұрын өзіне бағынысты болған қызметкерлерге мансаптық өсуге көмектесетінін айтып, ақша сұраған. Ал қарсылық танытқандарды қызметтен босататынын немесе лауазымын төмендететінін айтып қорқытқан. Айтылған адамдардың барлығы оның Өскемен қаласының әкімі болған кезеңінде қарамағында жұмыс істеген.

2026 жылғы 4 ақпанда құқық қорғау органдары қылмыстық схеманы әшкерелеу мақсатында ақшаның бір бөлігін бақылаудағы тәртіппен берген. Осыдан кейін Жақсылық Омардың ақшаны қалай алатынын құжаттау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілген.

Тінту барысында Өскемендегі жеке тұрғын үйінен қомақты көлемдегі ақша тәркіленген.

ҰҚК мәліметінше, алғашқы жауап алу кезінде-ақ Жақсылық Омар адвокатының қатысуымен кінәсін мойындаған.

Тергеу барысында қосымша эпизод анықталып, ол бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі-не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни лауазымды тұлғаның алаяқтық жасау әрекеті дерегі енгізілген.

2026 жылғы 1 сәуірде сот үкімімен Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылған.