«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» - деп ғұлама әл – Фараби айтқандай, тәрбиеге толы құндылықтармен қатар, студенттердің білім көкжиегін жан – жақты көбейтуде жақсы істер атқарылуда.Ұлттық рейтингті жоғалтпаған ЖОО қатарында көшбасшы орынға ие.Оқу үдерістерінде студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндік жасау базасы толықтырылып, оқу дәрісханалары ыңғайлы, бейнекөрсетілімдер үлгілерімен жабдықталған.Университет өзінің жан – жақты қызметін кең ауқымда жүргізіп, қарқынды дамып, жастардың бойында азаматтық, ұлтжандылық сезімдерін, ұрпақтар сабақтастық дәстүрлі үрдісін қалыптастыруда зор еңбек етуде.Қазіргі уақытта интранет корпоративті жүйесіне негізделген кредиттік оқыту технологиясы толық жолға қойылған, жастарға арналған интернет – орталығы, студенттер қалашығын толық қамтитын Wi – Fi сымсыз желісі тартылған. Қазіргі таңда әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда белсенді жүзеге асырып отырған білім ордасы.
Білім көкжиегін кеңейтіп, ір салада маман дайындайтын кезіндегі қанат қақтырған оқу орны түлектердің есімін бүгінде республика көлемінде, әлемдік деңгейде танытып жүр.Ілім жолындағы асқақ арманын жиып келген талай жасты қара шаңырақ құлақ жая қарсы алып, озық тәжірибе мен ғылымның биігін бағындырған білікті ұстаздар білім нәрімен сусындатуда.
Қазақ билігінде, саясат пен заңды қатар алып жүріп, мемлекет ісіне белсене ат салысып-ақ жүр оның түлектері.
«Сен де бір кірпіш – дүниеге
Кетігін тап та бар,қалан» - деген еді Абай атамыз.Ғұламаның ұлағатты ойы ҚазҰУ – дегі әрбір студенттің ұстанар ұраны, мызғымас, берік мақсаты.
Студент мүддесін басты орынға қойып, ілім беруде озық ойлы ұстаздар күндіз – түні талмай еңбек етуде.
Арай Жекеева, Шығыстану факультетінің 3 курс студенті
Нұртәліп Шарыпқазы, Шығыстану факультетінің оқытушысы