Ұлттық статистика бюросы орташа және медианалық жалақыға қатысты мәліметтер жариялады

Кәмшат Тілеухан 09 қаз. 2025 15:30

2025 жылдың сәуір айында Ұлттық статистика бюросы жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысына қатысты зерттеу жүргізгені белгілі болды. Оның нәтижесінде жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 512 теңгені құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Өткен жылы медиана жалақысы, яғни жалақы мөлшерінің тең жартысынан жоғары және керісінше төмен болатын орталық көрсеткіш 285 677 теңге болған. Осылайша, медиана жалақысының мөлшері бір жыл ішінде 11,1% өскен", деп нақтылайды бюродағылар. 


Орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы – 289 673 теңге, жоғары білімділердікі – 497 563 теңге, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы – 672 493 теңге болды.

Айта кетсек, бұл зерттеу бір айда толық жұмыс істеген жұмысшыларды қамтыды, соның ішінде барлық ірі кәсіпорындар мен ірі кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын орта және шағын кәсіпорындардың 30% іріктеп алынды. 2025 жылдың сәуір айына қатысты нақты жалақы туралы мәліметтер барлық қосымша төлемдер, үстемақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдарын есепке алды.

Зерттеу қорытындысы бойынша толық ай жұмыс істеген жұмысшылар саны аталған кәсіпорындарда 3 338,3 мың адамды құрады, олардың 48,5%(1 620,7 мың адам) ер адамдар, 51,5% (1 717,6 мың адам) - әйелдер. 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар