Жұма күні, 17 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды, қазіргі уақытта оның мөлшері - 15,25% . Бұл реттегі алдын ала болжаммен Halyk Finance бөлісіп үлгерді, деп жазады Dalanews.kz.
"Өткен жылдың соңында инфляциялық тәуекелдердің күшеюі жағдайында монетарлық реттеуші базалық мөлшерлемені бірден 1 пайыздық тармаққа көтерді, біздің ойымызша, сол кезге қабылданған бұл шешім даулы болып табылады. Ағымдағы үдеген инфляцияны, алда инфляцияның күшею ықтималдығы бойынша болжамдардың артуын және теңгенің әлі де босаңсуын тоқтатпауын назарға ала отырып, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейін сақтап қалу ықтималдығы жоғары, оған жалпы ынталандырушы фискалдық саясаттың сақталуы, айырбас бағамының әлсіреуі, сондай-ақ реттеуге жататын бағалардың өсіп жатуы негіз бола алады", - деп жазады Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов.
2024 жылғы желтоқсанда инфляцияның қараша айымен салыстырғанда (8,4%) үдеуі байқалды: желтоқсанның қорытындысы бойынша 8,6%. Ұлттық банк мәліметінше, халық пен Қазақстан нарығының кәсіби қатысушыларының инфляция бойынша алдан күтетін цифрлары тағы да нашарлай түсті. Бір жылдан кейін күтілетін инфляция деңгейі қарашадағы 14,1% - дан желтоқсанда 14,6%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, соңғы 12 айда сезілген инфляцияның медианалық мәні 13,2%-ға дейін өсті (қарашада 13,0%), онда да желтоқсанда нақты жылдық тұтынушылық инфляция 8,6% деңгейде болғанда.
Бағалар мен инфляциялық күтулер өсімінің маңызды факторы болып ақылы қызметтердің, атап айтқанда, мемлекет реттейтін және базалық мөлшерлеменің өзгеруіне қатысты әрекетке бейім емес ТКШ қызметтері тарифтерінің өсуі болып табылады.
Қаңтардағы валютаға сұраныс маусымдық жағдайда салыстырмалы түрде төмен болды, сондықтан ағымдағы айдың басында біз квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімінің 50%-ын міндетті түрде сату нормасын және Ұлттық қордан алынатын трансферттердің жоғары деңгейін ескере отырып, қаңтардағы теңгеге шаққандағы доллар бағамы қазіргі сыртқы және ішкі жағдайлар сақталған кезде өткен жылғы желтоқсандағы деңгейін сақтайды деп болжаймыз.
"Алайда, қаңтарда Ресейге салынған қосымша санкциялардан кейін теңгені нығайтуы тиіс мұнай бағасы өсе бастағанына қарамастан, ұлттық валюта бағамы әлі де әлсіреуде. Ішкі және сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап, қатаң ақша-несие шарттарын сақтауға мәжбүр болады, оның мәні алдағы отырыста қазіргі күйінде сақталуы мүмкін. Сондай-ақ, біз Ұлттық банк базалық мөлшерлемені биылғы (7 наурыз) екінші отырысында да қазіргі деңгейде сақтайды деп сенеміз. Жалпы, біз биылғы жылы базалық мөлшерлеменің төмендеуі әлдеқайда баяу қарқынмен жүретінін болжаймыз, өйткені ағымдағы жылы қалыптасқан инфляциялық факторлар инфляция бойынша таргетке қол жеткізуге кедергі келтіре отырып, орта мерзімді кезеңдегі бағаларға теріс әсер ететін болады", - дейді Halyk Finance өкілі.
Айта кетсек, 2025 жылы 10 қаңтарда ҚР Ұлттық банкінің сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесі жарияланды. Оған сәйкес,сарапшылар 2025 жылы күтілетін инфляция көлемін 6,9%-дан 7,5%-ға дейін көтерді. Сондай-ақ бұл тақырыпқа сай сайтымыздағы "Әне, Түркияны қараңыз! Қаржыгер "базалық мөлшерлемені төмендетейік" деп жүргендердің аузын жапты" деген мақаланы да оқи отырыңыздар.