Кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволдың мәлімдемесінен кейін Қырғызстанда ел намысын қорғауға төрт адвокат өз еркімен Ресейге бармақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетейік, әлемге әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы Екатерина Бивол әлеуметтік желіде түрлі ұлт өкілдерін қорлайтын бейнежазба жариялап, көптің сынына ұшыраған болатын. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға дереу назар аударып, тергеуге дейінгі тексеріс басталғанын мәлімдеді.
Қырғызстандық адвокат Бексултановтың сөзінше, елдің қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша (Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыру) іс қозғауға болады.
1. Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыруға, ұлттық қадір-қасиетті қорлауға, сондай-ақ дінге, ұлтқа немесе нәсілге қатысына қарай азаматтардың ерекшелігін, үстемдігін не төмендігін насихаттауға бағытталған іс-әрекеттер, егер олар жария түрде, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып немесе интернет желісі арқылы жасалса, -
айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000-нан 2000-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар:
1.өмір мен денсаулыққа қауіпті емес зорлық-зомбылық қолдану арқылы немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
2.өз қызмет бабын пайдалана отырып;
3.адамдар тобының;
4.адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы;
5.ұйымдасқан топтың;
6.қылмыстық қауымдастықтың құрамында жасалса бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бексултановтан бөлек, адвокат Шыңғыс Темірбеков, Махабат Мелисовна және Жаныш Бараков Екатерина Биволға қарсы қылмыстық істе ел намысын қорғамақ.


