Ұлыбританияның басым бөлігінде мерекелік шаралар өтпеді, отшашу да болмады

Кәмшат Тілеухан 01 қаң. 2025 10:27 1537

Ұлыбританияның басым бөлігінде Жаңа жыл кешінде сары қауіп деңгейі жарияланды. Қолайсыз ауа райына байланысты аспан астында өткізілетін барлық мерекелік шараларға тыйым салынды, деп жазады Dalanews.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше,  Шотландия астанасы – Эдинбургте, тіпті жоспарланған отшашу атылмады. Синоптиктер алдағы күндері қатты дауыл тұратындығын ескертті. Хогманай қалалық фестивалінің ұйымдастырушыларына билеті сатылып кеткен концерттің 50 мың көрерменінен кешірім сұрауына тура келді.

Англияның солтүстік-батысында да жоспарланған жоспарлы отшашу болмады. Шотландия, Англия және Уэльстің кейбір қалаларында да сары қауіп деңгейі жарияланды. Метеорологиялық бюро Жаңа жыл қарсаңында дауыл салдарынан қоғамдық көліктердің, соның ішінде паромдардың да кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Ал 100 мың адам қатысады делінген Еуропадағы жыл сайынғы керемет көрініс - Лондондағы отшашу мерекесі синоптикалық ескертулерге қарамастан дүркіреп өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар