Freedom Inside '26

"Айырылып қалдым": Ақан Сатаевтың қызы қайғылы жағдайды айтты

"Айырылып қалдым": Ақан Сатаевтың қызы қайғылы жағдайды айтты
SN.kz коллажы

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Мариям Сатай әлеуметтік желідегі парақшасында ауыр жағдайды бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Sn.kz мәліметінше, ол құрсағындағы үш айлық сәбиінен айырылып қалғанын жазды. Мариям бұл тақырыптың көп айтыла бермейтінін, алайда мұндай сынақтан көптеген әйел өтетінін жеткізді.

"Әрбір жүктілік сәбиімен қауышумен аяқтала бермейді. Мен үш ай бойы жүрегімнің бір бөлшегін бойымда көтеріп жүрдім. Қатты токсикоздан қиналдым, жүктілікті сақтап қалу үшін күрестім, жоспар құрдым, күттім, талай сезімді бастан өткердім… Алайда дамымай қалған жүктілікке тап болдым. Мұндай жоғалтулар туралы көп айтыла бермейді. Бірақ бұл сынақтан ойлағанымыздан әлдеқайда көп әйел өтеді. Әрқайсыңызды құшақтаймын! Барлығы да Алланың қалауымен", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Мариямға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазып жатыр. Көпшілік оған сабыр, күш-қуат тілеп, мұндай ауыр сәтте жалғыз емес екенін айтып жұбатты.