Freedom Inside '26

74 жастағы қазақстандық әже Түркияда парашютпен секіріп, жұртты таңғалдырды

74 жастағы қазақстандық әже Түркияда парашютпен секіріп, жұртты таңғалдырды
видео кадры

Әлеуметтік желіде ерекше видео қызу талқыланып жатыр. Кадрда 74 жастағы қазақстандық әже парашютпен секіріп, ән айтып бара жатқанын көруге болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде жарияланғанына небәрі бір тәулік өтсе де, видео көпшілік арасында кең тарап үлгерген. Көптеген желі қолданушысы зейнеткердің батылдығы мен өмірге деген құштарлығына тәнті болған.

Мәліметке сүйенсек, бұл видео Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен жерінде орналасқан Түркияның оңтүстік-батысындағы көркем қала - Фетхиеде түсірілген.

Пікір жазғандардың көбі бұл әрекетті жасқа қарамай белсенді өмір сүрудің жарқын үлгісі деп бағалады.

"Тамаша! Өмір сүрудің үлгісі - осы", - деп жазғандар да аз емес.

Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары видеоны жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін деп болжаған.

Соған қарамастан, видео әлеуметтік желіде белсенді таралып жатыр. Ал парашютпен секірген әже көпшілік үшін батылдық пен өмірге деген құштарлықтың символына айналды.