Freedom Inside '26

Қаржылық мониторинг агенттігі өңірлердегі басшылық құрамын жаңартты

Қаржылық мониторинг агенттігі өңірлердегі басшылық құрамын жаңартты
АФМ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен бірқатар өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Dala News.

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болып генерал-майор Ерболат Балғабаев тағайындалды.

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша департаментті полковник Еркін Тюмелиев, Ақтөбе облысы бойынша департаментті полковник Ерік Есенов, Жетісу облысы бойынша департаментті полковник Дастан Бүкешев басқаратын болды.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне полковник Дархан Құрақбаев, Павлодар облысы бойынша департаменттің басшысы болып полковник Бақытжан Әбілқайыров тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті подполковник Нұраби Төлеутай, ал Түркістан облысы бойынша департаментті подполковник Сабырғали Балғалиев басқаратын болды.

Тиісті тағайындаулар Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде жүзеге асырылды.