Freedom Inside '26

Украинаның экс-президенті Виктор Янукович 15 жылға сотталды

Украинаның экс-президенті Виктор Янукович 15 жылға сотталды
Фото: Thomas Trutschel / Photothek / Getty Images

Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичке сырттай 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот оны Киев облысындағы орман қоры жерін заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот материалдарына сәйкес, 2007 жылы премьер-министр қызметін атқарып жүрген кезінде Янукович Днепр–Тетерев орман-аңшылық шаруашылығына тиесілі жер телімдерін алу схемасын ұйымдастырған. Ал 2009–2011 жылдары аталған аумақта қонақүй-ресторан кешені салынған. Тергеу дерегінше, бұл нысан кейін экс-президенттің жеке қажеттілігіне пайдаланылған.

Бұған дейін Украина бас прокуратурасы Януковичтің Ресей аумағында, Мәскеу облысындағы Барвиха елді мекенінде жүргенін хабарлаған.