Украинадан келген балалар Қазақстанда оңалтудан өтеді

Ақтоты Жапатова 03 мау. 2025 13:56

3 маусымда Қазақстанға демалыс пен оңалтудан өту үшін Украинадан балалар тобы келді. Олар үшін біздің еліміз туралы танымын кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, балалар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия жасап, Астана қаласындағы көрнекті орындарға саяхаттайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Мұндай сапарлар балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, мәдениетаралық түсіністік пен өзара құрметті қалыптастыруға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы демалысты ұйымдастыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді. Балалардың демалысын ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар орталық шетелдік балаларды да қабылдай отырып, мәдениетаралық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөледі", - делінген орталық хабарламасында.

Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде мұнда әлемнің 15 елінен келген балалар демалды. Соңғы үш жылдың өзінде ғана «Балдәурен» ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден келген 700-ден астам шетелдік баланы қабылдады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар