Freedom Inside '26

Назарбаев қолдау көрсеткен: Роза Рымбаева 25 жыл бұрынғы оқиғаны айтты

Назарбаев қолдау көрсеткен: Роза Рымбаева 25 жыл бұрынғы оқиғаны айтты
Dalanews.kz коллажы

Танымал әнші Роза Рымбаева Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуі туралы айтып берді, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, бұл оқиға шамамен 25 жыл бұрын болған. Сол кезде оның сахнадағы шығармашылық жолына 25 жыл толып, ол арнайы шақыртумен экс-президенттің қабылдауына барған.

"Бір жылдары мені Нұрсұлтан Назарбаев мені қабылдады. Ол кезде сахнада жүргеніме 25 жыл толған еді. Мен сол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: "Аға, мен сізді концертіме шақырамын. Келіп арнайы қонақ болыңыз", – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейін қатты есеңгіреп қалғам. Ол мені қолдау үшін концертіме келді. Сол кездері Нұрсұлтан Назарбаев: "Роза, не керек? Қандай көмек қажет?" – деп сұрады. Ал мен болсам "үйім кішкентай, аядай үйде тұрамын, жағдайымыз мәз емес" деп айтуға арландым. Оның орнына "аға, менде бірді-екілі мәселем болса, әкімдікке айтармын" деп жауап бердім. Мен ештеңе сұрамадым. Ол маған алғысын айтты, раушан гүлдерін сыйлады", – деді Роза Рымбаева.