Шымкентте әкім орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"КТК" арнасы мәліметінше, "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотталған ер адам үкіммен келіспейді.
"Үкіммен келіспеймін. Өлтіру ниетім болмаған. Руслан Арысбекұлының "мені өлтірмек болдың" деп қорқыныштан айтқан сандырағы деп ойлаймын. Өздеріңіз видеодан көргеніңіздей, мен өлтірер болсам, ол кісіні қаштырмас едім", - дейді Ернар Жиембай.