Үкіммен келіспеймін: Бірнеше көлігінен айырылған азамат істі қайта қарауды сұрайды

Үкіммен келіспеймін: Бірнеше көлігінен айырылған азамат істі қайта қарауды сұрайды

Алматыда бір жылдан бері кәсіпкер Владислав Лихачев пен оның бұрынғы енесі және әйелі арасындағы сот дауы жалғасатын болды. Бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында бұрынғы енесі Лилия Аношина мен заңгер Татьяна Беловадан зардап шектім деген ресейлік азамат аппелияциялық шағым түсіргенін мәлімдеді. Жоғарыдағы екі тұлғаға қатысты қозғалған қылмыс іс негізінде Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылғы 21 мамырда үкім шығарған. Сот Татьяна Белованы екі бап бойынша кінәлі деп тауып, тағы бір бап бойынша ақтап шыққан, деп жазады Dalanews.kz

Енді жәбірленуші Владислав Лихачев пен оның адвокаттары күдікті Белованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген алаяқтық эпизоды бойынша да кінәлі деп табуды сұрайды. Сот отырысы алдағы сейсенбіде Алматы қалалық сотында өтеді. 

“Иә, Беловаға тағылған үш бірдей айыппен ол жазаланып, түрмеге отыруы керек еді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігінде көзделген көрінеу жалған арыз беру қылмысын жасағаны үшін кінәлі. Бопсалау бабы бойынша да айыпты. Ендеше неліктен алаяқтық үшін ақталып отыр. Осы жері біз үшін түсініксіз. Соттың алғашқы инстанциясында шығарылған үкіммен келіспейміз. Қазір менің адвокатарым Алматы қалалық сотына осы істі қайта саралауды ұсынып, аппелияциялық шағым түсіріп отыр. Аллыңғы сот тағайындаған жаза, сондай-ақ соттың жасалған қылмыстың сипаты, қоғамдық қауіптілік дәрежесі және оның салдары туралы қорытындылары заң талаптарына сәйкес келмейді, жеткілікті негізделмеген әрі әділетсіз деп есептеймін”,- дейді Владислав Лихачев.

Жәбірленуші деп танылған кәсіпкер өз арызы негізінде 200 мың АҚШ долларынан астам қаражаттың қайтарылмауына байланысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп ҚР Бас прокурорына арыз жазған. Ал 2024 жылы керісінше оның енесі Анюшина мен оның танысы Белова Ресейде тұратын кәсіпкердің өзін айыптап, құқық қорғау органдарына арызданған. Лихачевке қарсы Қазақстанда қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жаряланады. Полицияға өзі келіп түсініктеме берген соң, тәртіп сақшылары оның бұрынғы енесі Лилия Аношина мен оған заңгерлік қызмет көрсететін Татьяна Беловаға қатысты үш баппен іс қозғады. Бопсалау, алаяқтық және құқық қорғау органдарына көрнеу жалған ақпарат берген деген баптармен бұл іс сотқа жолданады. 

Лихачевтің айтуынша, көлемі 250 мың АҚШ долларын әйелінің анасы Анюшина мен заңгер Беловаға штелден 5 автокөлік әкелу үшін берген. Алайда бұл қаражатты өз пайдаларына жаратқан екі әйел Лихачевтің өзіне жала жауып, тергеу органдарына жалған мәліметтер берген. Сөйтіп көлік әкеліп сатуды жоспарлаған бизнесменді қорқытып-үркіткен. Оны дәледейтін аудиожазбалар мен өзге де дәлелдер сараланып, бұл іс бойынша Владислав Лихачев жәбірленуші деп танылды.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында Влалислав Лизачевтің адвокаттары соттың істі бұра тартқанын мәлімдеп, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлановтың әрекеттерін сынға алды. Адвокат Алесандр Барисенко бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспеу негіздерін алға тартты. 

“Менің қорғауымдағы Лихачев бірінші сатыдағы соттың жоғарыда көрсетілген бөліктегі үкімімен келіспейді. Себебі оны заңсыз және негізсіз деп санаймын. Сондықтан ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 433-бабында көзделген негіздер бойынша күшін жоюға жатады.
Дау туғызып отырған үкімді шығару кезінде сот қылмыстық және қылмыстық-процестік заң талаптарының елеулі бұзушылықтарына жол берді. Аталған заңбұзушылықтар жиынтығында қабылданған шешімнің заңдылығына, негізділігіне және әділдігіне тікелей әсер етті деп санаймыз”,- дейді қорғаушы. 

Сот талқылауы барысында дәлелдемелерді жан-жақты, толық, объективті және тікелей зерттеу қағидаттары сақталмаған. Керісінше, сот тергеуі біржақты сипатта жүргізіліп, жәбірленуші тараптың процестік құқықтары жүйелі түрде шектелген, деп санаймыз дейді Александр Борисенко. 


“Атап айтқанда, сот бүкіл сот талқылауы барысында жәбірленуші мен оның өкілі ұсынған өтінішхаттарды үнемі қанағаттандырудан бас тартты. Соның ішінде, жәбірленушінің өзі сот отырысына қатысуын қамтамасыз еткен куәні жауап алуға шақыру туралы өтініш те қанағаттандырылмады. Сонымен қатар, сот қылмыстық істі дұрыс шешу үшін елеулі маңызы бар жазбаша дәлелдемелерді іске тіркеуден бірнеше рет бас тартты. Ал жәбірленуші тарап ұсынған кейбір өтінішхаттар заңда белгіленген тәртіппен сот отырысында мүлде қаралмай қалды”,- дейді Лихачевтің адвокаты. 

Ал керісінше сот қорғау тарапының өтінішхаттарын қанағаттандырып, сотталушы Татьяна Белова мен оның қорғаушылары ұсынған шығу тегі күмәнді құжаттарды қылмыстық іс материалдарына тіркеген. Кейіннен сот үкімнің уәждеу бөлімінде дәл осы материалдарға сілтеме жасалғаны таңқалдырды. Біз ұсынған өтінішхаттардың қаралуы жәбірленуші тараптың құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей әсер ететіні сөзсіз еді, дейді адвокаттар.

Осылайша, бірінші сатыдағы сот Татьяна Белованы көрінеу жалған арыз беру қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп дұрыс танығанымен, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сотталушының жеке басын дұрыс бағаламаған. Соның салдарынан оған шамадан тыс жеңіл әрі әділетсіз жаза тағайындалған.

Сот Белованың көрінеу жалған арызды алдын ала жоспарлап бергеніне, оның алаяқтық әрекеттерін жасыру тәсілі болғанына тиісті құқықтық баға бермеген. Сонымен қатар, арыз бергеннен кейін Белова Т.В. заңға қайшы әрекеттерін тоқтатпай, Владислав Геннадьевич Лихачевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған әрекеттерін жалғастырғаны, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалған мәліметтер таратқаны, жасанды дәлелдер қалыптастыруға әрекеттенгені, бұрын хабарлаған жалған мәліметтерін қолдап отырғаны және сот үкімі шығарылғанға дейін кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінбегені де ескерілмеген.

Бұдан бөлек, сот жәбірленуші Владислав Геннадьевич Лихачевке келтірілген зардаптың ауырлығына тиісті баға бермеді. Соның нәтижесінде моральдық зиянды өтеу мөлшері негізсіз төмендетіліп отыр. Осы мән-жайларды ескере отырып, Татьяна Беловаға тағайындалған жаза Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52, 53 және 63-баптарының талаптарына, әділдік пен қылмыстық жауаптылықты дараландыру қағидаттарына сәйкес келмейді. Сондықтан жаза бас бостандығынан айырумен байланысты неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылуға, ал моральдық зиянды өтеу мөлшері істің нақты мән-жайларын ескере отырып ұлғайтылуға тиіс.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 418–426, 430, 431 және 433–442-баптарын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 21 мамырдағы үкімінің Белованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша ақтаған бөлігінің күшін жоюды сұраймын. Ал аталған бөлігінде жаңа айыптау үкімін шығарып, Татьяна Белованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, бап санкциясы шегінде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды талап етеміз, дейді жәбірленушілер. 

Аппелияциялық шағым 14 шілдеде Алматы қалалық сотында қаралады. 

Соңы.