Алматыдағы “Байсат” базары 25 млрд теңгеге сатылды

Алматыдағы “Байсат” базары 25 млрд теңгеге сатылды
Фото: ЯНДЕКС

Алматыдағы "Байсат" базары 25 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

7 тамызда өткен электронды аукционда базарды Құдрет Шәмиев сатып алды. Ол – "Еуразиялық топ" ЖШС-нің басшысы. Сондай-ақ биыл маусым айында Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының бас директоры болып тағайындалған.

Құны шамамен 25 млрд теңгені құраған бұл мәміле Алматыдағы сауда және жылжымайтын мүлік саласындағы ең ірі келісімдердің бірі саналады.