ҰБТ-ның жаңа форматына көшуге 3 млн доллар жұмсалған

Көркем Алдабергенова 31 нау. 2026 15:19

Қазақстанда Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматын әзірлеуге шамамен 3 млн доллар (1,4 млрд теңге) жұмсалған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, жоба негізінен Ұлттық тестілеу орталығының қаражаты есебінен қаржыландырылған.

«Шамамен 3 млн доллар осы тестті жасауға жұмсалды. Қаржы министрліктің бюджеті және Ұлттық тестілеу орталығының өз қаражаты есебінен бөлінді. Бұл қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджеттен алынған жоқ», – деді Нұрбек.

Оның сөзінше, жалпы шығынның шамамен 80 пайызы Ұлттық тестілеу орталығының өз қаражатынан жабылған. Ал министрлік тек жетіспеген аз бөлігін ғана қаржыландырған.

Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын сынақ тестілерін сату арқылы шамамен 1,5 млрд теңге табыс табады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove