Осылайша, Холдинг басшысы Берлинде «Қор нарығындағы ахуалды талдау: трендтер мен инсайттар» атты семинарда сөз сөйледі.
Сондай-ақ, ол цифрлық технологиялар саласындағы әлемдегі ең ірі оқиғалардың бірі Finance Forward 2022 «Қаржы әлемін трансформациялау» конференциясы шеңберінде Гамбургте мастер-класс өткізді.
Өз сөзінде Тимур Турлов аудиторияға «Банк Фридом Финанс Қазақстан» бір күндегі «Цифрлық ипотека», «Цифрлық автонесиелеу» (онлайн бағалауды, тіркеуді және қайта ресімдеуді, автосақтандыруды қоса алғанда) және брокерлік шотқа байланған инвестициялық карта сияқты, бірегей digital-өнімдерді жасау үшін толыққанды платформаға айналып келе жатқандығы туралы айтып берді.
Бұл кейстерді іске асыру, ең алдымен мемлекет тарапынан жасалған сенім, ашықтық және қолдаудың арқасында мүмкін болды.
Тимур Турлов, Freedom Holding Corp.-тың Бас атқарушы директоры
«Бүкіл әлемдегі экожүйелерге деген сенім бұлжытпай өсіп келуде, өйткені цифрлық шешімдер ашық, барлығы үшін қол жетімді және клиентке бағдарланған.
Соңғы үш жылда Freedom Finance бірегей цифрлық өнімдерге негізделген дамыған, кешенді экожүйе деңгейіне шықты. Біздің кейстеріміз шетелдік бизнес-қоғамдастықтың үлкен қызығушылығы мен таңданысын тудырды.
Бүгінгі таңда Батыста цифрлық шешімдердің күнделікті өмірге ену деңгейі әлі де қол жетімді емес.
Қазақстан біз үшін нағыз FinTech зертханасына айналды, осының шеңберінде біз қазір реттеудің икемсіздігіне байланысты бірнеше жылдан кейін ғана ЕО-да қолжетімді болатын жобаларды іске асырып жатырмыз».
Бүгінгі таңда, Freedom Finance еуропалық бизнесі, топ компанияларының арасында ең серпінді өсімді көрсетіп отыр.
Мәселен, егер 2020-шы фискалдық жылдың соңында 2 мыңнан астам клиенттік шоттар болса, бүгінде бұл сан шамамен 120 мың белгіге жетеді. Холдингтің мүмкіндіктерін Еуроодақ елдерінің аумағында кеңейту үшін банктік лицензия алу жоспарлануда.