Tyga, Timbaland, Николь Шерзингер: биыл да Қазақстанға әлемдік жұлдыздар келеді

Сағыныш Сардарова 27 қаң. 2026 13:02

2026 жылы Қазақстанда әлемдік әртістердің концерті өтпек. Бұл туралы Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, алғашқы концерт мамырда ұйымдастырылады.

Орындаушылар қатарында Tyga, Timbaland, Николь Шерзингер, Keri Hilson, Flo Rida, Busta Rhymes және өзге де әлемдік деңгейдегі әртістер бар.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін елімізде халықаралық орындаушылардың қатысуымен кемінде бес концерт өткізу көзделіп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove