Тұрмыс түзелмей, руханиятпен алысқа бармаймыз

Dalanews 05 қаз. 2017 04:59 684

Британияда бір азамат азық-түлікке жалақысының 10-12% жұмсайды екен, бізде, менің жобалауымша, 40-50%. 

"Альбионда" мен оқыған жылдары (2015-17жж) бағалар сол күйі өзгермеді.



Ал сол 2 жылда бізде тамақ пен дәрі бағасы 2 - 2,5 есе өскен, яғни 100-120%-ке. Жалақы 20-30%-ға.
 Сонда пәтер жалдап тұратын жас отбасылар (егер әйелі декретте болса) қалай өмір сүріп жатыр? Тамақ, дәрі, киім, квартплата, коммуналдық қызмет, жолақы!

Инфляция мен бензин және басқаның бағасын ұстаудың, төмендетудің орнына министрлер, Ұлттық банк төрағасы оның қымбаттау себебін әр кез түсіндіреді.

Шығын, онсызда өсіп жатса, өздері нәтиже көрсетпесе, оның түсініктемесі кімге керек?

Бірақ, осыған қарамай, рухани жаңғыру аясында талай тендерлер өткізіліп, кітап аударылып, конференциялар өтіп, ескерткіштер тұрғызылуда...

Бұрын Үдемелі индустриялық бағдарламалар аясында кейін жабылса да зауыт ашылды деген хабар шығатын, қазір ол да жоқ. Сонда экономиканы қалай ұстап тұрмақ?

Нақты өндіріс болмаса, руханиятпен алысқа бармайтынымызды үкімет мүшелері түсінер деген үлкен үмітім бар....

Нұрмұғамед Байғараев

Фейсбук парақшасынан

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар