Түркияда үш миллион мемлекеттік қызметкер демалысқа шықпайды

Dalanews 19 шіл. 2016 04:40 784

Түркия премьер-министрі Бінәлі Ылдырым үш миллион мемлекеттік қызметкердің жыл сайынғы жазғы демалысының күшін жойды.

Дүйсенбі күні үкімет отырысынан кейін журналистер алдында сөз сөйлеген Ылдырым мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бүлікшілер 208 адамды өлтірді деп мәлімдеді. Олардың ішінде полиция қызметкерлері, сарбаздар және бейбіт тұрғындар бар. Мың жарым адам жараланған. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар саны 290 адамға жеткен.

Йылдырим жеті жарым мың полиция, әскери, сот қызметкері және азаматтық тұлғалар ұсталды дейді. 10 мыңдай мемлекеттік қызметкер мен шенеунік, қаржы министрлігі, ІІМ өкілдері және 30 губернатор мен 47 аудан әкімшілігінің жетекшісі қызметтерінен шеттетілген. Олардың барлығы мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп күдікке алынды,- деп жазады түрік басылымы "Хюрриет".

Премьер-министр сонымен бірге Түркияның АҚШ-пен достық қарым-қатынасы сұрақтың алдында тұр деп мәлімдеді. Анкара Вашингтоннан ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гүленді қайтаруын талап етеді. Ол Режеп Ердоғанмен араларында сызат түскен соң, Америкаға көшіп кеткен. Билік Гүлен мен оның жақтастары бүлікті ұйымдастырды деп есептейді. Ал діни уағызшы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Түркиядағы АҚШ елшісі Джон Басс Түркияның Америкаға таққан айыптары шындыққа сәйкес келмейді деді.

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар