Бүгін Түркияда қуаты 6,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Ыстанбұл провинциясындағы Силиври ауданы маңында, Мәрмәр теңізінің жағалауында болған. Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы нақты ақпарат жоқ. Тиісті мекемелер жағдайды бақылауда ұстап отыр.