Түркия жыл басынан киім-кешек сатып, 2,4 млрд доллар пайда тапқан

Dalanews 17 сәу. 2023 02:43 830

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында түрік тоқыма өнеркәсібі секторының экспорт көлемі 2 миллиард 441 миллион долларға жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркия Экспортшылар кеңесінің (TİM) мәліметінше, биылғы жылдың наурыз айында ішкі экспорт көлемі 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 4,4 пайызға артып, 23,6 миллиард долларға жеткен.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы түрік экспортының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артып, 61,6 миллиард долларды құраған. Ал жылдық экспорт көлемі 255,7 миллиард долларға жетті.

2022 жылдың наурыз айында түрік тоқыма секторының экспорты 951 миллион долларды құрады, ал ағымдағы жылдың осы кезеңінде ол 5 пайызға азайып, 903 миллион долларға дейін төмендепті.

Наурыз айында Италия 76 миллион доллар жұмсап, түрік тоқыма секторының жетекші импортшысы атанса, одан кейінгі орында 62 миллион доллар жұмсаған Беларусь мемлекеті тұр. Ал үшінші Түркиядан 41 миллион долларға тоқыма саласының өнімін экспорттаған АҚШ тұр.


Ал ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Италияға сектордың сатылымы – $213 млн, Беларуське – $170 млн және АҚШ-қа – $108 млн құрады.

Жалпы алғанда Түркияның тоқым өнеркәсібінің өнімін тұтынуда ЕуроОдақ топ бастап тұр. Наурыз айында ЕуроОдақ елдеріне экспортталған тоқыма өнеркәсібі тауарларының ауқымы 348 млн доллар болса, ТМД елдері – 167 млн доллар жұмсаса, Африка елдері киім-кешек үшін 106 млн доллар шығындағаны мәлім болды.

Биылғы жылдың алғашқы 3 айында ЕуроОдақ елдеріне 940 миллион доллар, ТМД 460 миллион доллар және Африка елдеріне 286 миллион долларлық тауар экспортталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар