«22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру, арқан тарту және қазақ күресінен) облыстық спартакиада өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл сайысқа аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардан 18 команда, 400-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қатысты. Тартысты өткен жарыста командалық есепте 3-орынды Бәйдібек ауданы, 2-орынды Отырар ауданы, ал 1-орынды Түлкібас ауданы еншіледі.
Жарыс соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Суртеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы тағайындалған кубок, медаль және алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ облыстық спартакиада жоғары деңгейде ойын көрсеткендерге де марапаттар ұсынылды.