Түркістан облысының білім саласында жымқырылған жарты миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Қаракөз Амантай 13 қар. 2024 16:30 1658

Түркістан облысының прокуратурасы білім саласындағы құқық бұзушылықтарға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиында білім беру ұйымдарында жүргізілген тексерулерді қорытындылау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігі талқыланды.

Мәліметттерге сүйенсек, білім саласында жүргізілген тексерумен 1377 адам тәртіптік, 4090 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 121 мыңнан аса баланың құқығы қорғалып, 730 млн теңгеден астам қаржы мемлекетке қайтарылған.

“4 млрд теңгеден астам мемлекет қаржысын негізсіз аудару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бүгінде 530 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев уәкілетті органдарға іс-шараларды жандандырып, құқықбұзушылықтарды жою, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидті алдын алужұмыстарын күшейтуді тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар