Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдау өткізуде

Жарбол Кентұлы 12 ақп. 2025 19:08 920

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында Отырар, Сауран, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласының азаматтары өтініштері мен шағымдарын ортаға салып, облыс әкімі орынбасарының көмегіне жүгінді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырарлықтар жекеменшік су арнасын мемлекет меншігіне  қайтарып, шаруаларға жағдай жасауды сұранды. Сонымен қатар жайылымдық жер ауқымын кеңейту мәселесін қарастыруды өтінді.

Сарыағаштық тұрғындар коммуналдық баспананы жекешелендіру бойынша пәтерлердің белгіленген құнын төмендету, жылуды есептеу, сондай-ақ балалар алаңшасын салу, кәріз жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген кей сұрақтардың заңдылығы түсіндірілді. Жер құжаттарын рәсімдеу, әлеуметтік мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жеке қабылдау өткізуде. Жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазылуға болады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар