Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Оған жауапты сала басшылары мен дін қызметкерлері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары бейнебайланыс арқылы қатысып, өңірдегі діни ғимараттардың құжаттарын заңнамаға сәйкес рәсімдеу және оның құрылыстарын реттеу мәселесі қаралды.

"Облыстағы діни ғимараттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеуді назарда ұстаңыздар. Кейбір аудандарда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бірқатар аудандағы жауаптылар жұмысты ширатулары керек. Заңнамаға сәйкес, ғимараттардың құжаттары түгенделмей құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады", – деген облыс әкімінің орынбасары ғимараттардың заңсыз салынуын қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті.
Сонымен бірге демеушілер мен меценаттарға әлеуметтік нысандар салу да маңызды екенін түсіндіру қажеттігі айтылды.
Жиын соңында осы аталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, аудан, қала әкімдері мен тиісті басқармалардың басшыларына тапсырмалар берілді.