Шымкентте қатар салынып жатқан мешіт пен шіркеу құрылысы талқыға түсті

Көркем Алдабергенова 14 сәу. 2026 09:32

Шымкентте қатар салынып жатқан мешіт пен шіркеу құрылысы талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео авторының сөзінше, шіркеудің құрылысы аяқталуға жақын. Оның қасында қабір бар. 

"Маған қызық болып тұрғаны - осы шіркеудің оң жағынан мешіт салып жатыр. Бұл қалай болады екен? Екеуін де бір бригада салып жатыр. Бұлар ертең бір-біріне бәсекелес бола ма? Бір-бірімен келісіп жұмыс істей ме?" - дейді видео авторы. 

Желі қолданушылары бұл жайтты қузы талқылап, түрлі пікір жазған. 

"Бұл - тыныштықтың белгілі"

"Шіркеу жексенбі күні түсте ғана қоңырауын соғады. Ал мешітте жұма күні ғой азан және кешке. Әр заттың өз уақыты бар ғой"

"Ештеңе де болмайды, іріткі салмай шаруаңды шаруаласай одан да…"

"Дінде бәсеке деген нәрсе жоқ", - дейді қазақстандықтар. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove