Түркістан облысындағы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі

Түркістан облысындағы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі
Бүгінгі күні Түркістан облысында үш ауысымды 10, апатты жағдайдағы 12 мектеп бар.

Еліміз бойынша апатты деп танылған 45 білім ошағының 3/1-і осы өңірге тиесілі. Қазір 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Түркістан облысында 1029 мектеп болса, соның 10-ы үш ауысымды, 12-сі апатты жағдайда.

Олардың жетеуі – Сарыағаш, үшеуі Қазығұрт, қалған екеуі Мақтаарал мен Сайрам аудандарында орналасқан


.

Осы мәселені шешу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 5652,14 млн теңге қаржы қарастырылған. Қазір 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Нұржан Ізтілеуов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 2018 жылдың қорытындысымен 9 апатты және 5 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Демографиялық өсім өте жоғары. Сондықтан 3 ауысымды мектептің проблемасы жыл сайын шығып жатыр. 2017-2018 оқу жылы бізде 51 мың бала 1 сыныпқа барса, 2018-2019 жылы 55 мың бала, яғни 5 мың бала артық келеді деп жоспарланып отыр. Бұл Шымкент қаласын қоспағанда.

Бүгінде Қазығұрт пен Мақтаарал ауданындағы апатты 2 мектептің орнына салынған жаңа нысанның құрылысы тапсырылды. Облыстағы жауапты мамандардың айтуынша, келер жылы аймақтағы апатты мектептердің бәрі жойылады.