Түркістан облысында жас сарбаздардың «Біз жауынгер» сайысы өтті

Dalanews 16 қаз. 2023 05:46 611

Түркістанда жас сарбаздар арасында өткен «Біз жауынгер» атты сайысының жеңімпаздары анықталды. Аталған сайысты Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі  25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырды, – деп хабарлайды .

Сайыс 14-15 қазан күндері аралығында Түлкібас ауданы, «Машат Арасан» лагерінде өтті.

Жарысқа қатысушылар алғашқы күні пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындау, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағын кигізу және газқағарды кию және АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша жарысқа түссе, екінші күні ұлттық ойындар садақ ату және арқан тарту бойынша жарысқа түсті.

Жалпы сайысқа облыстың 17 аудан, қаласынан 200-ге жуық жас сарбаз қатысқан.

10-11 сынып арасында өткен әскери-патриоттық спорттық сайысқа қатысушылар білім дәрежесі мен дене дайындығына байланысты іріктелініп алынды.


Ереже бойынша әр команда да 5 ұл, 4 қыз өз ауданының намысын қорғады. Биылғы сайыстың ерекшелігі садақ ату спорты қосылған.

Жарыс нәтижесіне сәйкес бас жүлде Арыс қаласы жас сарбаздарына (500.000 тг сертификат), I орын Кентау қаласы жас сарбаздарына (300.000 тг сертификат), II орын Түлкібас ауданы жас сарбаздарына (200.000 тг сертификат), III орын Мақтаарал ауданы жас сарбаздарына (100.000 тг сертификат) бұйырды. Қатысқан барлық топқа ынталандыру сыйлығы 50 000тг сертификат табысталды.

Жарыс жеңімпаздарын Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің президенті Ролан Қонысбеков және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек марапаттады.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар