Санжар Бокаевтың соты қазан айына шегерілді

Санжар Бокаевтың соты қазан айына шегерілді
Ашық дереккөз

Алматының Алмалы аудандық сотында қаралып жатқан Санжар Бокаев пен басқа да сотталушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот отырысын өткізу 16 қазанға жоспарланған. Бұған сотталушылардың Алматыдан тыс жерге тергеу әрекеттеріне қатысу үшін этаппен шығарылуы себеп болған.

«Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау (ҚК-нің 190-бабы), қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (ҚК-нің 218-бабы), адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабы), ағаштарды заңсыз кесу (ҚК-нің 340-бабы), сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК-нің 274-бабы) бойынша айыпталған Нүсіпқожа Ұ., Калменов М. және Бокаев С.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басқа тұлғаларға қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін сотталушылардың Алматы қаласынан тыс жерге этаппен шығарылуына байланысты кейінге қалдырылды», – деп хабарлады Алмалы аудандық соты.

Келесі сот отырысы 2026 жылғы 16 қазанда өтеді.