Алматыда автобус жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті

Алматыда автобус жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті
Ашық дереккөз

Алматыда №80 бағыттағы автобус жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті. Олардың арасында жүкті әйел мен оның екі баласы бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жол апаты Бөкейханов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында болған. Оқиға кезінде автобуста болған жолаушы Ангелина Степанованың айтуынша, ол ұлымен бірге салонның алдыңғы бөлігінде отырған.

«Бүгін ұлыммен бірге Бөкейханов – Райымбек көшелерінде жол апатына түстік. Кімнің көбірек кінәлі екенін білмеймін. Автобус бұрылысқа сыймай қалған сияқты. Біз алдыңғы бөлігінде отырдық. Бізге басқаларға қарағанда көбірек жолы болды. Сынған әйнек салонның ішіне ұшып кірді. Зардап шеккендер көп емес: жүкті әйел, оның екі кішкентай баласы және көшеде болған ер адам. Ол құлап қалды, автобус оны басып кете жаздады», – деді жолаушы.

Полиция жол-көлік оқиғасы болғанын растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon маркалы автобус Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындаған кезде жүргізуші рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысқан. Соққыдан ЗИЛ инерциямен алдында тұрған ГАЗ көлігіне соғылған», – деп хабарлады полиция.

Қазір жол апатының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.