Түркістан облысында департамент басшысы тағайындалды

Dalanews 05 қар. 2018 09:50 1032

Ерболат Мақсұтханұлы осыған дейін Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясының жетекшісі және Алматы қаласы бойыншатұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды.

Ерболат Ыбрайханов 1981 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында туылған. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және «Болашақ» бағдарламасымен «University of Nottingham» жоғары оқу орындарын экономист-финансист, заңгер, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ерболат Мақсұтханұлы осыған дейін Әділет министрлігінде экономист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарма басшысы, сондай-ақ аталған агенттікке қарасты өңіраралық инспекция басшысы, Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясының жетекшісі және Алматы қаласы бойыншатұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оның жұмысына сәттілік тіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар