Түнгі клуб иелері ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның қолына ішімдік пен темекі ұстатып қойған

Көркем Алдабергенова 06 қар. 2024 16:00 1402

Түнгі клубтың бірінде Ұлт көсемі, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның қорланған суреті табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Видеоны facebook желісінің белсенді оқырманы Төребек Сағындық жариялады.

Видео авторының айтуынша, түнгі клубтың бірінде Әлихан Бөкейханның суретін алып, оның қолына шылым мен ішімдік ұстатып қойған. 

“Аузы жаман көрді былғайды, аяғы жаман төрді былғайды дейді. Қазақтың жастарына “не істей аласың?” деген пасық оймен істеп жатқан дүние ғой. “Жамандардың көбейіп кетуінен емес, жақсылардың жалқаулығынан” деген сөз бар. Жігіттер әркез осындай қателіктерді түзетуге тырысайық.

Сіз бен біз ұйықтап жүргеннен кейін осындай дүниелер істеліп жатыр. Ұйықтаған халықты білесіздер, не жер бетінен жойылып кетеді, не тұрғанда құл боп оянады. Тіпті Ұлт көшбасшысын қорлап, клубқа әкеп қойдық. Жігіттер, жақсылыққа бірігейік!”- деді видео авторы.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазған. 

"Бұл қай қалада, Алматы шығар. Қай ұлттың істегені? Неге олай қорлапты? Бізден қорлық көріпті ма? Соны салған суретшінің қолы сынсын! Оңбаған! Салдырған адамды заңмен қудаласын. Біздің батырларды қорлайтындай кім өзі?".

"Кім жасаса да жауап беру керек мынаған ат үсті қарауға болмайды, ертең басқасын шығарады. Қай ұлтқа қазақтың тырнағы батты екен, қазақ ешкім тиіспесе тыныш жатқан ел".

"Бұл провокация! Қолыңнан келсе, қырып ал деген мазақ қой! Өртеп жіберіңдер!"

"Жарайсың, осылай көзіміз қырағы, құлақтарын түрулі болсын. Осы Алаштың Арыстарын қорлаған сол орынның қожайынында жауапкершілікке тарту керек", - дейді Желі қолданушылары. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар